Оралда екі жылдан бері дауға айналған «Кублей» зауыты мен тұрғын үй кешенін салуға рұқсат берген қала әкімдігі арасындағы сот отырысы өтті. Бір ай бұрын экономикалық сот істі тоқтатып, бейбіт келісімге келу туралы шешім шығарған еді. Алайда тараптар ымыраға келе алмады. Сондықтан апелляциялық сот істі қайта қалпына келтіріп, өндірісті жалғастыру жайлы үкім шығарған болатын. Сот шешім шығарған бойда соңы дауға, айғай-шуға ұласты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

- Cоттағы әр процестегі заң бұзушылықтарды жіпке тізген қорғаушылар, "Мұндай сорақылықты Жаңа Қазақстанның сотынан күтпедік", - деп отыр.Бұған қатысты заңгер:
"Бұл елде ешқашан заң үстемдігі мен әділет болмайды! Хабар күтіңіз", - деп жазды.
"Адырна" ұлттық порталы
Орал
батыс қазақстан
Орал қаласы
батыс
кублей зауыты
қазақ өндірісі
қазақ өнімдері
консерві өнімдері
кублей