"Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жылды қорытындылап, Ғылыми Кеңес өткізді. Онда институттың биыл атқарған жұмысы сараланып, келер жылдың жоспары талқыланды. Ғылыми мекеменің қорытынды жиынына қатысып, институт қызметін жетілдіруге қатысты ойыммен бөлістім", - деп жазды Қарин өзінің инстаграм парақшасында .Ерлан Қарин ҚСЗИ өзінің кадрлық әлеуетін алдағы уақытта да арттыра беруі, аймақтағы сарапшылар қауымдастығымен қарым-қатынасты бекіте түсуі, зерттеу тәсілдерін жетілдіруі, оның ішінде әлеуметтік зерттеулерді кеңейтуі қажет екенін айтты.
"Адырна" ұлттық порталы