Қытайдың жаңа қаласы Қазақстанның іргесінде бой көтерді

5161
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/01/49ba1334-3ed5-4191-aa15-b135919ec209.jpeg

Қытай Қазақстанның іргесінде ресми түрде жаңа қала бой көтергенін жария етті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ulysmedia-ға сілтеп. 

Қытайлық БАҚ-тың хабарлауынша, Қытай үкіметінің бекітуімен 2023 жылдың 20 қаңтарында Қытайдың Қазақстанмен шекаралас Тарбағатай аймағының аумағынан Байян қаласы (白杨市 - қазақша атауы Теректі) құрылды.

Қала орталығы – Шәуешек қаласы мен Бақты өткізу пунктінің аралығындағы Ақшоқы кенті белгіленді.

Қала Шынжаң өндіріс-құрылыс корпусының 9-шы дивизиясының құрамынан құрылды.

评论