"20 мың доллар пара алған": Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы қамауға алынды

3329
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/01/5fb386ca2bbe4-103529672-gettyimages-90055883.jpg
Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы  пара алу күдігімен ұсталды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 
"Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қорғаныс ведомствосының ақпараттандыру департаменті бастығының м.у.а. бейнеконференцбайланыс жабдығын жеткізу мерзімдерін бұза отырып, қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеткізушіден 20 000 АҚШ доллары сомасында пара алды деп күдіктелуде", - делінген Антикор таратқан хабарламада.
Күдікті ұсталып, Астана қаласының тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

"Адырна" ұлттық порталы 

评论
其他材料