Марат Бекетаев премьер-министрдің кеңесшісі қызметінен кетті

3424
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/02/9e16f86c-dcb8-43ee-99fb-464d769729ff.jpeg
Марат Бекетаев премьер-министрдің кеңесшісі қызметінен кетті. Бұл туралы ақпаратты үкіметтің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Ол 2022 жылдың желтоқсанында қызметінен босатылған, бірақ бұл туралы енді ғана белгілі болды. 2007-2010 жылдары Марат Бекетаев Әділет вице-министрі қызметін атқарған. 2010-2015 жылдары Әділет министрлігінің жауапты хатшысы болды. 2015 жылғы желтоқсаннан 2016 жылғы қыркүйекке дейін – Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары. 2016-2022 жылдары Әділет министрі болды.
评论
其他材料