Тараз қалалық сотының экс-төрағасы 3 жылға сотталды

3163
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/03/1dca32bf-bc10-4259-a5d1-5a60bb62ef92.jpeg
Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының экс-төрағасы Алтынбек Мадемаров 3 жылға сотталды. Ол пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Сотталушы сатып алу-сату мәмілесін және меншік құқығын жарамды деп тану туралы азаматтық іс бойынша оң шешімге жәрдемдескені үшін азаматтан алдау жолымен 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алған. Мадемаров өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.
评论
其他材料