Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

2408
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/03/838bf319-e323-4a33-a24f-2015918dea2b.jpeg
 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Президенттер екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен оны одан әрі нығайту перспективасын осыған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру аясында талқылады.  Телефон арқылы әңгімелесу барысында көлік-транзит бағдарларын кеңейту және сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту мәселелеріне айрықша назар аударылды.  Сондай-ақ екі ел басшылары алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралар кестесін қарастырды.   
评论
其他材料