ЖСДП «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС жұмыскерлерімен кездесті

2473
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/03/368b0bb9-83f0-4847-a541-d934703858ea.jpeg

6 наурызда ЖСДП-дан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына партия тізімі бойынша кандидаттар Нұрлан Әуесбаев, Ажар Сағандықова және бірмандаттық аймақтық округ бойынша кандидат Азамат Хайсин «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС жұмыскерлерімен кездесті.

«Жылыту маусымының ең қызған шағында Екібастұздағы ЖЭО-да орын алған қайғылы апат – еліміздің энергетикалық жүйесінің бүгінгі жай-күйі», - деп атап өтті өз сөзінде Нұрлан Әуебаев.

Кандидаттар ЖЭО-дағы кезек күттірмейтін мәселелерді, сондай-ақ биліктің апаттан кейін іс-қимылдарын талқылады. Сонымен қатар, кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары баяндалды.

 

评论
其他材料