Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды - Тоқаев

6724
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/03/c68827ad3f2e694f.jpeg
"Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды". Бұл пікірді бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен өткізген кеңесінде айтты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 
«Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды. Оның ғылыми-теориялық негізін дамыту қажет. Өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Шын мәнінде, бұл – өте маңызды мәселе. Оны бетімен жіберсек, ұлттық салт-санамыздан айырылып қалуымыз мүмкін. Әкімдерге құзырлы органдармен бірлесіп, дін саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырамын», - деді Тоқаев. 

"Адырна" ұлттық порталы 

 
评论