Елімізде әкелер мен аналар күні пайда болуы мүмкін

2902
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/03/56359abd-7cf5-48a2-bc68-a525542cf19a.jpeg
Еліміздің мерекелік күндерінің тізіміне аналар күні мен әкелер күні енгізілуі мүмкін. ҚР Үкіметі қаулысының тиісті жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісі, әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісі»,— делінген құжатта.
Айта кетейік, қаулы жобасы 5 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды. Құжат алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
评论