Бейбіт Исабаев сайлауда дауыс берді

7726
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/03/whatsapp-image-2023-03-19-at-11.27.07-1.jpeg
Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорғандағы №389 сайлау учаскесіне келіп, Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында орналасқан учаскеде таңдау жасаған Бейбіт Исабаев: - Бүгін мен өзімнің конституциялық құқығымды пайдаланып, жүрегім қалаған саяси партияға және жекелеген кандидаттарға дауыс бердім. Сол арқылы Қазақстанның болашағы үшін, жас ұрпақтың ертеңі үшін таңдау жасадым, - деді ол. Жетісу облысында барлығы 458 сайлау учаскесі, 443 мыңнан астам сайлаушы бар. Учаскелер таңертеңгі сағат 7.00-ден бастап жұмысқа кірісті.
评论
其他材料