"Әр жанұяға жақсылық тілеймін": Назарбаев дауыс берді

2425
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/03/dizayn-bez-nazvaniya-13-2-1120x630-1.jpg
Назарбаев ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс берді,деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.  Қазақстанның экс-президенті елорданың «Астана Опера» театрында №393 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
«Наурыз мерекесі баршаларыңызға, бүкіл халқымызға жақсылық, көктемнің жарығы мен қуанышын әкелсін. Әр жанұяға жақсылық тілеймін. Әумин», - деді Назарбаев.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан тура 4 жыл бұрын дәл осы күні Назарбаев отставкаға кеткен болатын. 

"Адырна" ұлттық порталы

   
评论
其他材料