ОСК Мәжіліс сайлауының соңғы қорытындысын жариялады

2673
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/03/3cac9dd251471c4e0612b5a963926597-scaled-1.jpg
ОСК ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының соңғы қорытындысын жариялады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. Сайлауда дауыс беруге құқылы 12 млн 35 мың 578 адамның 6 млн 366 мың 441-і дауыс берген. "AMANAT" партиясы – 3 431 510  дауыс немесе 53,9% – 40 мандат; "Ауыл" партиясы – 693 938 дауыс немесе 10,9% – 8 мандат; "Respublıka" партиясы – 574 154 дауыс немесе 8,59% – 6 мандат; "Ақ жол" партиясы  – 535 139 дауыс немесе 8,41% – 6 мандат; "Қазақстанның халық партиясы" – 432 920 дауыс немесе 6,8% – 5 мандат; "Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы" – 331 058 дауыс немесе 5,1% – 4 мандат; "Байтақ" жасылдар партиясы – 146 431 дауыс немесе 2,3% Барлығына қарсы – 248 291 дауыс немесе 3,9%.

"Адырна" ұлттық порталы 

 
评论
其他材料