Тарихымыз бен ұлттық құндылықтарымыз дәріптелген күн

787
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/03/c70541f3-cf54-4b81-a7a7-de82c08e2c07.jpeg
Шымкентте «Тарихқа тағзым!» мерекелік іс-шарасы Rixos Khadisha қонақ үйінде жалғасты. Ол жерде бүлдіршіндер «Ордабасы – бірліктің туы», «Отырарды қорғау», «Киелі Қазығұрт» мультфильмдерін тамашалады. Балаларға «Шымқала» тарихи-мәдени кешені, «SCAT» әуекомпаниясы тәттілер, жеміс-жидектер мен өзге де сыйлықтар үлестірді. – Мереке қалалық деңгейде өтіп жатыр. Іс-шара кешкі 22:00-ге дейін жалғасады. Жас өскіндер арасында ұлттық ойындар ойнатылып, ұлттық киімдер дефилесі, интеллектуалдық ойындар ұйымдастырылды. Кішкентай шымкенттіктер концерттік бағдарламаны көріп, театр қойылымдарын тамашалап жатыр, - дейді «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінің маманы Назерке Жақсылықова. Мереке балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Тарихымыз бен ұлттық құндылықтарымызда дәріптеуге осындай іс-шаралардың берері мол.  
评论