Еуропаға жол. Президент Бішкекке барды

2740
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/06/izobrazhenie_2023-06-02_115340706.png
Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия және Еуропалық Одақ көшбасшыларының екінші кездесуіне қатысу үшін Қырғызстанға жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әуежайда Қазақстан Президентін Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды. Саммитке Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишель, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев және Түркіменстан премьер-министрінің орынбасары Нұрмұхаммет Аманнепесов қатысады деп күтілуде.
评论
其他材料