Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!

2457
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/03/adyrna.jpg
Құрметті қазақстандықтар! Біз Сіздерді Ұлыстың Ұлы Күні Наурыз мейрамымен құттықтаймыз! Наурыз — көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің, қуаныш пен шаттықтың, жаңа бастамалардың мейрамы болумен қатар, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп, ұлттық қасиеттерімізді жас ұрпаққа насихаттайтын ұлттық мейрамымыз. Келген Жаңа Жыл баршаларыңыздың шаңырақтарыңызға береке мен бақыт сыйласын! Барлық қолға алған істеріңізде сәттілік серік болып, арман-мақсаттарыңызды іске асыру жолында толағай табысқа, қызмет бабында кәсіби жетістіктерге жете берулеріңізді, әріптестер алдында құрмет пен түсіністікке ие болуларыңызды тілейміз! Ал ең бастысы – әрқайсыларыңызға мықты денсаулық, баянды бақыт, шаттық пен қуаныш, отбасыларыңызға құт-береке және жақындарыңыздың аман-сау болуын тілейміз! Жадырап келген көктем күні баршаңызға жан жылулығын, көтеріңкі көңіл күй, сарқылмас күш-қуат сыйласын!

Құрметпен "Адырна" ұлттық этнографиялық бірлестігі мен порталының ұжымы!

评论