Абай облысындағы өрт. Жоғалған тракторшының денесі табылды

3381
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/06/4d205a0b-a463-4bd0-a490-244b1fd0cd8c.jpeg

Абай облысында өрт кезінде жоғалып кеткен тракторшының денесі табылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық портады.

Абай облысының полицейлері 10 маусымда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны Сергей Николаевич Архиповтың іздеу іс-шараларын жүргізу барысында, өртті сөндіру орнынан 50 шақырым жерде зорлық-зомбылықпен өлімнің сыртқы белгілері жоқ мәйітін тапты.

Ер адамның денесі қызметтік иттің көмегімен табылды. Ол Абай облысы ПД-нің кинологиялық есебінің құрамында жұмыс барысында сигнал беріп, трактор табылған жерден орман жолағына дейін ер адамның жолымен жүрген.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды.

评论
其他材料