Илон Маск пен Марк Цукерберг жекпе-жекке шықпақ

3179
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/06/2240e1dc-07b5-4c65-81f2-ca5da547cf6e.jpeg
Twitter әлеуметтік желісінде Илон Маск пен Meta басшысы Марк Цукерберг сөзге келіп қалды. Онда Маскке Цукербергтің Twitter-ге бәсекелес болатын желіні жасап шығарамын деген сөзі ұнамай қалған. Маск соған ашуланып, Meta басшысын жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Егер бұл рас болса, мен жекпе-жекке шығуға дайынмын, –  деп жазды Маск.
Оған Цукерберг те жылдам жауап беріп, «Қай жерде кездесетінімізді айт?», депті. Маск жауап ретінде тұрғылықты жерін көрсетіпті.
Лас-Вегас, октагон, –  деп жазыпты.
Айта кетсек, Илон Маск бала кезінде каратэ, таэквондо және дзюдомен айналысқан. Цукерберг болса әлі күнге дейін джиу-джитсумен айналысып тұрады екен. Жақында ол күрестің осы түрінен турнирді жеңіп алыпты.    
评论