Жексенбіде — жиын. Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысы өтпек

2232
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/06/d84251c0-3bac-4686-b7fc-a110a24eb427.jpeg
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізеді. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мемлекет басшысына Премьер-Министр, күштік құрылым басшылары Ресейдегі қалыптасқан жағдайға байланысты берілген тапсырмаларының орындалуы жөнінде есеп береді, делінген хабарламада.
Сондай-ақ, жиында көрші достас мемлекеттегі ахуалдың Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігіне және еліміздің экономикасына тигізетін ықтимал теріс салдарының алдын алу мақсатында шұғыл іс-қимыл жоспары қабылданады деп жоспарлануда.
评论
其他材料