Путиннен кейін. Лукашенко Назарбаевпен “халықаралық жағдайды“ талқылады

4088
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/06/61d87a2302e8bd180563b6cb.jpg
Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы тілдесіп,  Беларусь-Қазақстан қатынастарын талқылады, деп хабарлайды Беларусь президенті баспасөз қызметінің Telegram-арнасы. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы жазды. 
"Түс ауа Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесу болды", - делінген жексенбіде күнгі ақпараттар легінде.
Лукашенко мен Назарбаев халықаралық саяси құбылыстарды,  аймақтық оқиғаларды және Қазақстан-Беларусь қатынастарын талқылаған. Еске сала кетейік, таңертең Лукашенко Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен болатын. Ал кешегі тілдесу барысында Путиннің Лукашенконың "қалтқысыз қызметіне" алғыс білдіргенін хабарладық.

"Адырна" ұлттық порталы

评论
其他材料