ҚР Президентінің міндетін уақытша атқарушы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін 13:00-де телеарналардан Қазақстан халқына үндеу жариялады. Онда Тоқаев Президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусым күні өтетінін жариялады.
Барлық жауапкершілікті мойнына ала отырып Президент алдағы сайлауда "Бұл сайлау таза, әділ, ашық әрі шынайы өтетініне мен кепіл боламын" деді.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы ел тізгінін қолға алғалы ел аралағанын, халықтың көңіл-күйін жақсы білетінін де атап өтті. Осы жолғы сайлауда "бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып", жұрт болып жұмыла көтерейік деді.
其他材料

Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз