Қоғам белсендісі өгей қызын ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

3049
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/07/950af4a3-e654-48a7-84a2-608be4fed352-960x500.png?token=152f6fc4ca6a7c1dcf86e81b9e2db93c
Алматыда 47 жастағы әйел жеті жастағы өгей қызын ұрып өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. «Kazachkov offside» Telegram арнасының жазуынша, қыздың өліміне күдікті - қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбек. Қаза тапқан бүлдіршін одан шамамен 15 жас кіші жолдасының бірінші некесінен туған қызы болған. Марқұм болған Карина Закураеваның жақындары әйелдің жеткіншекті 4 ай бойы сабап келгенін айтады. Ал бүлдіршіннің әкесі оған мүлде араша түспеген. Полиция бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Алматы қалалық полиция Департаменті, Бостандық аудандық полиция Басқармасымен қылмыстық іс ҚР ҚКнің 99-бабы 3-бөлігімен тергеліп жатқанын хабарлайды. Күдікті – 1976 жылы туған Т.есімді азаматша ұсталды және қамауға алынды.Тергеу жалғасып жатыр», - деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
评论
其他材料