Ішінде 106 адам болған. Бурабайдағы қонақ үйлердің бірінен өрт шықты

1917
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/3e0cae59-a44d-426b-b43a-f619cc76b9f1.jpeg
Бурабайдағы қонақ үйлердің бірінен өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Ақпарат бойынша, Бурабай кентіндегі өрт туралы хабарлама бүгін сағат 11:59-да түскен. Өрт үш қабатты «Алматы» қонақ үйінің сервер бөлмесінен шығыпты.
Өрт сөндірушілер үш тізе баспалдақтың көмегімен 6 адамды құтқарып, 100 адамды, оның ішінде 25 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.
Өрт сағат 13:00-де толығымен өшірілді. Тілсіз жау 4 шаршы метр аумақты шарпыды.
评论
其他材料