Ақкенттегі өрт: Тоқаев ерлік көрсеткен бір топ азаматты марапаттады

2354
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/img_1920.jpeg
Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматыдағы «Ақкент» ықшам ауданында болған өрт кезінде адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азамат марапатталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Атап айтсақ, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталғандар: 1) Ахметханов Тілеужан Сапарғалиұлы – «Expo Masters» ЖШС менеджері, Алматы қаласы; 2) Гюнай Шюкрю – «Спарк Электромеханик» ЖШС электригі, Алматы қаласы; 3) Исмаилов Эльдар Александрович – «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы; 4) Йерделен Халил – «GASK Construction» ЖШС автокран операторы, Алматы қаласы; 5) Мамедов Кенан Бабаұлы – «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы; 6) Романов Вадим Анатольевич – «Frank-Asia» ЖК автокран операторы, Алматы қаласы. Еске сала кетейік, 1 тамыз күні Алматының Алатау ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде өрт шыққан еді. Тілсіз жау сағат 18:46 кезінде оқшауланып, сөндірілді. 31 адам, оның ішінде 16 бала ауруханаға жеткізілген болатын. Бір адам көз жұмды.
评论
其他材料