Қытайды топан су басты. Қаза тапқандар мен хабар-ошарсыз кеткендер жайлы айтылды

3263
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/izobrazhenie_2023-08-31_105115133.png
Қытайдың Сычуань провинциясында нөсер жауын салдарынан болған су тасқыны төрт адамның өмірін қиды. Тағы 48-і із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин із-түзсіз жоғалған адамдарды табу үшін барлығын жасауды талап етті. Синьхуа ақпарат агенттігінің хабарлауынша, толассыз жауған нөсер су тасқынына әкеп соқты. Су ағыны жолында апат кезінде 201 адам болған, оның 149-ы қосымша төте жолдар арқылы  қашып құтылған. Қазіргі уақытта жоғалғандарды іздеу жұмыстары жалғасуда. Іздеу-құтқару операциясына 2 мыңнан астам адам қосылды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Аталған нысанға иелік еткен құрылыс компаниясының бес қызметкері еңбек қауіпсіздігі нормаларын бұзғаны үшін ұсталған. Еске салайық, шілде айының басында жауған нөсер жауын салдарынан Қытайдың шығысы мен оңтүстік-батысындағы таулы аймақтарда су тасқыны мен көшкін орын алған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

评论
其他材料