Қазақстанның алты қаласында қолайсыз ауа райы күтілуде

2422
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/izobrazhenie_2023-09-27_093042330.png
27 қыркүйекте Қазақстанның алты қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Синоптиктердің болжамынша, сейсенбі күні Павлодар, Өскемен, Риддер, Атырау, Ақтөбе және Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі. Бұл қалаларда ауа-райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Қолайсыз ауа райы жағдайлары – атмосфералық ауаның жер қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы пайда болған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.  
评论
其他材料