Қостанайда үйлену тойында қонақтар бір-бірін пышақтап кеткен. Болған жанжалға қатысқан адамдарды полиция ұстады. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
1 қазанға қараған түні полицияға Қостанай мейрамханаларының бірінің жанында бірнеше адам төбелесіп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Шақыруға дереу келген полицейлер Қостанай қаласы ПБ Солтүстік бөліміне 6 қатысушыны жеткізді. Іс жүргізу кезінде болған оқиғаның мән-жайы анықталды.Салдарынан ер адамның бірі өзгеге пышақ салған. Жауап алынған 56 жастағы ер адам қасақана пышақтау фактісін жоққа шығармайды, делінген хабарламада.