Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Бас Прокурорының орынбасарын тағайындады. Бұл туралы Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасы жариялады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары болып Ғабит Амангелдіұлы Садырбеков тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Ғабит Садырбеков 1978 жылғы 3 маусымда Ақмола облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. 2001-2017 жылдары прокуратура органдарында, 2017-2020 жылдары банк саласында қызмет еткен. 2020-2021 жылдары Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі болған. 2021 жылғы 2 наурыздан 2022 жылғы 8 қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі аппаратының басшысы болды. 2022 жылғы 8 қаңтардан қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары лауазымында болды. Айта кетейік, Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары лауазымынан босатылды.«Адырна» ұлттық порталы