反馈
+7 707 676 6977
adyrnaportal@gmail.com

Головкин Елеусіновпен бір бокс кешінде жұдырықтасудан бас тартты

2233
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/05/gena.jpg
Олимпиада чемпионы 8 маусым күні өтетін Геннадий Головкиннің жекпе-жегінің андеркартында шаршы алаңға шығу керек болған. Алайда Геннадий Головкин Елеусіновті өзі жұдырықтасатын бокс кешінің андеркартынан көргісі келмеген.  Енді Елеусінов 25-ші мамыр күні Оксон-Хилл қаласында (АҚШ, Мэрилэнд штаты) өтетін бокс кешінде сынға түседі. Естеріңізге салайық, АҚШ-тың Филадельфия қаласында өткен бокс кешінде Данияр Елеусінов мексикалық Сильверио Ортиспен қолғап түйістірді. Сегіз раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің шешімі бойынша қазақстандық былғары қолғап шебері жеңіске жетті. Есеп — 79-70, 79-71, 79-71. Жетінші раундта Данияр Елеусінов қарсыласын нокдаунға жіберді, алайда мексикалық боксшы жекпе-жекті жалғастыра алды.
评论