Ерболат Ыбырайханов Су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды

2269
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/izobrazhenie_2023-10-11_183251276.png
Ерболат Ыбырайханов ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" сайты үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеп. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерболат Мақсұтханұлы Ыбырайханов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды», - делінген хабарламада. Ыбырайханов тариф саясаты мен құрылыс мәселелерін қадағалайды. Бүгінгі тағайындаудан бір жыл бұрын Ыбырайханов Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған болатын. 2019-2022 жылдары – Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары болды. Естеріңізге сала кетейік, Нұржан Нұржігітов 4 қыркүйекте Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалған болатын. Бұған дейін ол Жамбыл облысының әкімі болған.
评论
其他材料