Қазақстанда электр энергиясына бұрын бекітілген шекті тарифтерге тағы да өзгерістер енгізілуде, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
2023 жылдың 1 қазанынан бастап электр энергиясын өндіру тарифтері көтеріледі:- бірінші топ (Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1) – кВт/сағ үшін 5,90 теңгеден 7,32 теңгеге дейін;
- үшінші топ (Екібастұз ГРЭС-2 станциясы) – кВт/сағ үшін 8,59 теңгеден 11,20 теңгеге дейін;
- алтыншы топ (Қарағанды энергетикалық орталығы) – кВт/сағ үшін 9,86 теңгеден 12,64 теңгеге дейін;
- тоғызыншы топ («Астана-Энергия» АҚ) – кВт/сағ үшін 7,19 теңгеден 8,49 теңгеге дейін;
- 14-топ (Риддер ЖЭО) – кВт/сағ үшін 13,93 теңгеден 16,37 теңгеге дейін;
- 18-топ Степногор ЖЭО) – кВт/сағ үшін 12,12-ден 16,46 теңгеге дейін;
- 26-топ («Алматы электр станциялары» ЖЭО-1,2,3 Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС) кВт/сағ 11,19-дан 14,02-ге дейін;
- 33-топ (Шүлбі СЭС-і) – кВт/сағ үшін 3,30-дан 3,67 теңгеге дейін;
- 41-топ (Таразэнергоорталық) – кВт/сағ 8,53-тен 12,15 теңгеге дейін.
«Адырна» ұлттық порталы