Шахтадағы апат. Тоқаев «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды

6238
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/d4g1mihzmvepxenr7dhuqcrxvznmmgnp08wfpq6z.jpg_width1200xheightautoxtype1.jpg

Мемлекет басшысы Қарағанды облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Ақорда мәліметінше, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі. Мемлекет басшысы Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Сонымен қатар Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды.

«Адырна» ұлттық порталы

评论
其他材料