Месси "Алтын допты" 8-ші рет жеңіп алды

12125
Adyrna.kz Telegram
Фото: ESPN
Фото: ESPN

2023 жылғы «Алтын доп» иегері Лионель Месси атанды. Париждегі «Шатл» театрында өткен кеште аргентиналық футболшы мансабында сегізінші рет бұл марапатқа ие болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

France Football таңдауы бойынша «Интер Майами» командасында ойнап жүрген шабуылшы ең көп дауысқа ие болған. Жеке рекордын жаңартып қана қоймай, MLS тарихында «Алтын доп» алған алғашқы футболшы атанды.

Айталық, 2022 жылы Месси Катарда өткен мундиальда Аргентина құрамасымен әлем чемпионы атанды. 2023 жылдың жазында «Интер Майамиге» ауысты. «Алтын допты» бұған дейін 2009, 2010, 2011, 2012, 2015, 2019, 2021 жылдары да жеңіп алған болатын.

Дауыс беруде Мессиден кейінгі орынға Эрлинг Холанд («Манчестер Сити»), Килиан Мбаппе (ПСЖ) мен Кевин Де Брюйне («Манчестер Сити») орналасқан.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Ballon d’Or (@ballondorofficial)

«Адырна» ұлттық порталы

 

评论