Әлтаевтің ісі бойынша сот жабық режимде өтетін болды

2104
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/2017110909444211913_f1e65861131fd0a549dca2774a6b5033-960x500.jpg?token=b7ca35a37443ff8ebd7bd3ae64260e62

2023 жылғы 31 қазанда ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігімен айыпталған сотталушы Н. Әлтаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдалым аяқталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, отырыс барысында сотқа прокурор тарапынан куәгердің берген жауаптарына байланысты өзінің және отбасы мүшелерінің өмірлеріне белгісіз тұлғалардан қауіп төніп тұрғандықтан, қылмыстық істі жабық сот отырысында қарау туралы өтініш түсті.
Процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қорғау мақсатында сот прокурордың өтінішхатын қанағаттандырды және қылмыстық істі жабық сот отырысында қарау туралы шешім қабылдады.
Еске салайық, бүгін экс вице-министр Нұржан Әлтаевқа қатысты іс бойынша алдын ала тыңдалым басталғанын жазған едік.

«Адырна» ұлттық порталы

评论
其他材料