Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Израиль Мемлекетінің Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті, деп "Адырна" ұлттық порталы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қос тарап сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың үдемелі сипатына тоқталды. Израиль Сыртқы істер министрі Таяу Шығыстағы Израиль мен палестиналық ХАМАС қозғалысы арасындағы қақтығыс аясындағы қазіргі жағдаймен таныстырды. Сыртқы істер министрі Нұртілеу қақтығыстың шиеленісуіне және әскери іс-қимыл аймағындағы жағдайдың өршуіне алаңдаушылық білдірді.
ҚР СІМ басшысы қақтығысушы тараптарды Таяу Шығыста бейбітшілік пен тұрақтылықтың жолдарын іздеуге шақырды. Осы сәтте қазақстандық дипломат ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ТМД Саммитіндегі мәлімдемесін атап өтіп, жағдайдың шиеленісуі тек Таяу Шығыста ғана емес, жалпы әлемде ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін баса айтты.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу израильдік әріптесіне Газа секторындағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға жәрдемдесу туралы сенімді өтініш білдіріп, бұл міндеттің еліміз үшін маңызды екенін жеткізді.
其他材料

Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз