Інісінің өлімі алдында. Назарбаевтың ұшағы БАӘ-ден оралды

2644
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/88a20658-f23b-475b-9116-f484ce452780-1.jpg

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұшағы өткен аптада экс-мемлекет басшысы інісінің денсаулығы нашарлаған соң, БАӘ-ден Алматыға оралды. Бұл туралы ҚазТАГ жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«8 қарашада Нұрсұлтан Назарбаевтың ұшағы БАӘ-ден Алматыға оралды» делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Болат Назарбаев 13 қараша күні таңертең Алматыда қайтыс болды. Сағат 10.34-те экс-президенттің інісінің денесі орталық ауруханада болған. Болат Назарбаевтың есімі бірқатар стратегиялық салалардағы активтерді монополиялық жолмен басып алумен, сондай-ақ рейдерлік шабуылдармен және компроматтық сипаттағы басқа да әрекеттермен байланысты. Болат Назарбаев өзінің өтініші бойынша марқұм ата-анасының жанына, яғни, Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылының жанындағы рулық қорымға жерленеді. Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстарын жерлеу орны ашық болған, қазір ол жер қоршалған, сондай-ақ стационарлық бекет орнатылған.

«Адырна» ұлттық порталы

评论
其他材料