Жетіген “Алатау” аталуы мүмкін

2571
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/1dc0e1ae-ed26-47b6-8cc8-067830b48ad3.jpeg
Алматы облысында жаңа Алатау қаласы құрылады. Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы президент жарлығының жобасынан белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. "Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 9-бабына сәйкес Алматы облысы Iле ауданындағы Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала қатарына жатқызылсын", - делінген Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың қаулы жобасында. Қалаға Алатау атауы берілмек. Үкімет "Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгерістер енгізу туралы" Президент Жарлығының жобасын президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарауына ұсынбақ. Жетіген – Алматы облысы Іле ауданындағы ауыл, Жетіген ауылдық округінің орталығы әрі темір жол станциясы. "Ашық заңды тұлғалар" сайтындағы талқылау 29 қарашаға дейін жалғасады.
评论
其他材料