Нұржан Әлтаевқа қатысты сот үкімі шықты

1825
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/c375924e-428f-4a54-929b-e07a32b9c318.jpeg

Сот Нұржан Әлтаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы жазады.

«Н.Б. Әлтаев Еңбек және әлеуметтік қорғау Вице-министрі, кейіннен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде жүйелі негізде «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы А. И. Мырзахметовтен аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ұсталған. 2018-2020 жылдар кезеңінде жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқара отырып, ол А. И. Мырзахметовтың мүддесі үшін әрекет еткен, сондай-ақ оның ұйымына мемлекеттік тапсырыстарды қабылдауға үлес қосты және жалпы қамқорлық жасады», - деп жазылған хабарламада.
Прокурор Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот жабық есік жағдайында өтіп, айыпталушы ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Айта кетейік, 7 маусым күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаевты аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұстаған болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

评论