Қызылордада жоқ көлікті сатқан 27 жастағы әйел ұсталды

2281
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/218e3cc5-db45-4f66-88ea-d8b7dbb7d860-960x500.jpeg?token=176e8739b576ea02153d4c78f182a438
Қызылорда облысында жоқ көлікті сатқан әйел қолға түсті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі turkystan.kz-ке сілтеп. Қызылордада интернет арқылы жалған жарнама жасап, жоқ көліктерді сатқан 27 жастағы әйел адам қолға түскен.
«Бұрын да сотты болған 27 жастағы азаматша интернет желісіндегі автокөлік сататын жарнама сайтына жалған хабарландыру жариялаған. Көлікті сатып алуға қызығушылық танытқан тұрғындардан жарнаманы алып тастау үшін алдын ала қаражат жіберуін сұраған. Осылайша оңай олжаны көздеген әйел жоқ көліктерді сатқан. Қазір күдікті азаматшаның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Ведомство мәліметінще, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
评论
其他材料