Ауыр сырқатқа шалдыққан қырғызстандықтар зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын ала алады. Бұл туралы елдің Әлеуметтік қоры мәлімдеді, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы 24.kg сайтына сілтеп.
Бұл мүмкіндікті мынадай диагнозы бар адамдар пайдалана алады:
- Ісік түйіні метастазаларының халықаралық жіктелуіне сәйкес II, III, IV сатыдағы ісіктің барлық қатерлі түрлері, 2-ші клиникалық топ.
- қан аурулары: лейкоз (барлық түрлері), апластикалық анемия, гемофилия.
- қан айналымы жүйесінің аурулары: жүре пайда болған немесе туабіткен жүрек ақаулары, жүрек ырғағының бұзылуы, жүректің созылмалы ишемиялық ауруы: оның ішінде созылмалы аневризмасы бар коронарлық ангиопластика және коронарлық шунттау хирургиясы, жүрек жеткіліксіздігі, хирургиялық араласуды қажет ететін күре тамырлардың зақымдануы мен артериялық аурулар, эндартеритті облитерациялайтын күрделі формалар.