Астанада мас күйде көлікке отырған адам жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Бұл туралы қалалық полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы 28 қарашада болған.
«Жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, артынша тұрақта тұрған үш көлікті соққан. 42 жастағы әйел алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты»,—делінген хабарламада.Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын тұлғалардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 20 жастағы көлік жүргізуші уақытша ұстау абақтысына қамалды.
<View this post on Instagram