ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «Қырықбаевтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының 4 мүшесінің заңға қайшы әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ҚазАқпарат комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Олар күш көрсету арқылы қорқытып, өңірлік бизнес-орта өкілдерінің бірінен ақшалай қаражат бопсалаған. Биылғы 21 мамырда жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында тиісті соманы алғаннан кейін ұйымдасқан қылмыстық топтың екі мүшесі «Р» және «Д» қылмыс үстінде ұсталды. Сот оларға қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады. Сондай-ақ, 23-24 мамырда іс-шара барысында осы қылмысқа қатысы бар қылмыстық топтың тағы екі мүшесі анықталып, ұсталды» делінген хабарламада.
Бүгінде ҰҚК департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз