Қаракөл көлінде құс тұмауынан 30 аққу өлді

2489
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/09225239-81a5-4ef3-a61e-877dd1a248c9.jpg

Ақтау маңында құс тұмауынан 30 аққу өлді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

21 желтоқсанда Қарақия-Қарақөл мемлекеттік табиғи резерватының инспекторлары 30 аққудың өлігін тапқан. «Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары сынақ жүргізді. Нәтиже расталып, құс тұмауы вирусының бар екені анықталды», - делінген хабарламада. Облыстық экология департаменті жиналған су сынамаларындағы ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан аспағанын хабарлады.

«Адырна» ұлттық порталы

评论