Әнуар Сабиров Жоғарғы Сот кеңесінің хатшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Әнуар Жоламанұлы Сабиров Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы қызметінен босатылды», - делінген Мемлекет басшысының баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Айта кетейік, 4 қаңтарда Мемлекет басшысының өкімімен Айдар Сайтбеков ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалған болатын."Адырна" ұлттық порталы