Текелі тауына көміп тастаған. Талдықорғанда жоғалған қыздың денесі табылды

3414
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/218e3cc5-db45-4f66-88ea-d8b7dbb7d860-960x500.jpeg?token=176e8739b576ea02153d4c78f182a438

Талдықорғада жоғалып кеткен 14 жастағы қыздың мәйіті табылды. Бұл туралы Жетісу облысының полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, қыздың денесі Текелі тауынан табылды. Оны сол жерге көміп тастаған. Мәйітті полицейлер, әскери қызметшілер мен еріктілерден тұратын іздеу топтары тапқан. Қазір жасөспірім көмілген жерде тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 14 жастағы Карина Дорохинаның жоғалып кеткені туралы

ақпарат полицейлерге 28 желтоқсанда түскен.

"Жасөспірім қараша айының басынан бастап сабаққа қатыспайтыны белгілі болды. Жедел-іздестіруді бастағаннан кейін полиция "қыз қылмыстың құрбаны болуы мүмкін" деген болжам жасады. ҚР ҚК 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша тергеу жүрді. Қылмысқа күдікті ретінде жасөспірімнің анасы мен өгей әкесі ұсталды", - дейді ведомство.

Қылмыстық оқиға полиция департаменті басшысының тікелей бақылауында.

评论
其他材料