1WIN онлайн-казино ұйымдастырушылары халықаралық іздестіруге жарияланды

1603
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/1fb3e365-96b2-413d-8280-a3f851de2909.jpeg

Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар ТМД елдерінде де жұмыс істеген «1WIN» онлайн-казиносының заңсыз қызметіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді Алматы облысы бойынша АФМ департаменті жүргізіп жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен қатар, онлайн-платформа тиісті лицензиясыз букмекерлік қызметтер де көрсеткен. Бұл ретте ақшалай қаражат интернет-эквайринг арқылы және аутентификациясыз қабылданды, бұл тіпті кәмелетке толмағандарға да құмар ойындарға қатысуға мүмкіндік береді. 2023 жылы онлайн-казино айналымы шамамен 4 млрд теңгені құрады. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда, онлайн-казино сайты бұғатталды, төрт ұйымдастырушы халықаралық іздестіруге жарияланды, тәркіленуге жататын мүлікке және жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге ақшалай қаражатқа тыйым салынды. Бұл ретте "Mercedes-Maybach S500" және "Lamborghini Huracan"автокөліктері тәркіленді.

“Адырна” ұлттық порталы

评论
其他材料