Эквадорда Қазақстанның он азаматы бар – СІМ

1686
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/5cbe7425-09a7-4860-8cb0-8dc070a5bec5.jpeg
Қазіргі уақытта Эквадорда тұрақты негізде тұратын 7 Қазақстан азаматы бар, барлығы консулдық есепте. Олардан басқа бұл елге турист ретінде барған 3 адамнан тұратын қазақстандық отбасы бар. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. «Консул олардың барлығымен хабарласып, тікелей байланыс орнатты, сондай-ақ қауіпсіздік шаралары туралы тиісті нұсқаулық берді. Зардап шеккендер арасында ҚР азаматтары жоқ», - деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрлігі. Айта кетейік, Эквадорда қарулы қақтығыс басталғанын хабарлаған едік.  
评论
其他材料