Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға 109 миллиард қаржы жұмсалмақ

1772
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/c18af61c-ec0f-4e3f-8534-b124be1e51df-960x500.jpeg?token=d78bf81824afffb4b8e91b0926037ba8

Алдағы екі жылда мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға 109 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТаг-қа сілтеме жасап.

«Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың жалпы сомасы: 2024 ж. – 54 005 989; 2025 – 55 389 813», – делінген бюджеттік бағдарлама жобасында. Бұл ретте бес жыл ішінде дәл осы мақсаттарға жалпы сомасы 286,5 млрд. теңге сұралды: 2021 – 58 800 835 900 теңге; 2022 – 55 405 924 000 теңге; 2023 – 62 900 211 000 теңге. Сипаттамаға сәйкес, «шығындар мемлекеттің ақпараттық саясатының тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін ақпараттық қамтамасыз етуге бағытталған». «Мақсат: мемлекеттің ақпараттық саясатының тиімділігін және отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру», - делінген құжаттың сипаттамасында.

”Адырна” ұлттық порталы

评论
其他材料