Түрік астронавты Альпер Гезеравжы бар Aх-3 миссиясының мүшелері жерге сәтті оралды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы “Анадолу” ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Ax-3 экипажының құрамында түрік астронавты Альпер Гезеравжы бар. Одан бөлек миссия құрамында Уолтер Вилладей (Италия), Маркус Вант (Швеция) және Майкл Лопес-Алегрия (Испания) болды. Тікелей эфирді Axiom Space жүргізді. Хабарланғандай, Dragon ғарыш кемесі Флорида жағалауындағы мұхитқа сәтті қонды. Естеріңізге сала кетейік, Ax-3 экипажы 7 ақпан күні Түркия уақыты бойынша сағат 17:20-да Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) аттанған болатын. Ал 18 қаңтарда Dragon ғарыш кемесі Флоридадағы Кеннеди ғарыш орталығынан SpaceX Falcon 9 зымыраны арқылы ұшырылды. Ұшу уақыты шамамен 36 сағатқа созылған Ax-3 экипажы ХҒС-қа 20 қаңтарда жетті.“Адырна” ұлттық порталы