Енді Жетісуда да жүгері элеваторы жанып кетті

2558
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/izobrazhenie_2024-03-09_092706207.png
Жетісуда жүгері элеваторында өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеп. «Жетісу облысының Алакөл ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде 5 тонна жүгері тиелген кептіргіш элеватор өртеніп кетті», - делінген сенбі күні таратқан хабарламада. Өрттің алдын ала себебі - электр қозғалтқышының қысқа тұйықталуы. Еске сала кетейік, кеше 8 наурыз күні Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Предгорное ауылында астық тиелген элеватор өртенгенін хабарлаған болатынбыз.
评论
其他材料